Әлем • 03 Маусым, 2021

Аустриялық қайраткерлер ТҮРКСОЙ-дың «Абайдың 175 жылдығы» медальдарымен марапатталды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде ұлы қазақ ақынының есімі мен мұрасын насихаттауға елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлеріне ТҮРКСОЙ-дың «Абай 175 жыл» атты естелік медальдары табыс етілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аустриялық қайраткерлер ТҮРКСОЙ-дың «Абайдың 175 жылдығы» медальдарымен марапатталды

Аталған марапатқа ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының бұрынғы төрайымы Кристин Муттонен, сондай-ақ «Қазақстан достары клубының» мүшесі Рудольф Лобмайер ие болды.

Олар Абай мұрасын насихаттауға өз қызметтерін жоғары бағалағаны үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға одан әрі ықпал етуге дайын екендіктерін растады.

Айта кетейік, 2019 жылдың тамызында Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің қолдауымен Орталық және Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне «Silk Way Expedition Through The Great Steppe 2019» жобасы аясында экспедиция ұйымдастырылды. Оған К. Муттонен де қатысты. Сапар барысында қатысушылар Абайдың туған жеріне барып, онда ЕҚЫҰ ПА-ның бұрынғы төрайымы ақынның «Жаз» өлеңін неміс тілінде оқыды.