Туризм • 04 Маусым, 2021

Тұрғындар наразы: Баянауылда 1 млрд 51 млн теңгенің ескерткіші салынады

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Баянауыл ауданында салынатын аумағы үлкен саябаққа 1 миллиард 51 миллион теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындар наразы: Баянауылда 1 млрд 51 млн теңгенің ескерткіші салынады

Саябақтың ашылуын аудан халқы асыға күтіп жүр, алайда саябаққа орнатылатын ескерткіштер өңір тұрғындарының наразылығын тудырды.

Аумағы үлкен саябаққа қазақтың қос батыры Жасыбай мен Олжабайдың мүсіндері қойылады деп жоспарлануда, бағасы-1 млрд 51 млн теңге. Тұрғындар ескерткішке тым көп қаражат жұмсағанша, өңірдегі шешілмей жатқан түйткілді мәселелер оң батырларының ескерткіші көпшіліктің қарсылығын тудырды. Өйткені тас мүсіндерге тым көп қаражат қарастырып отыр, оның орнына аудандағы түйткілді мәселелер шешілсе дейді.

«1 миллиард 50 млн-ға қазіргі жағдайда осындай қырауар ақшаны жұмсап, қажет емес деп есептейміз. Оның салатын жері де қолайсыз. Басқа жерге салуға болады. Ондай қыруар ақша жұмсамай, керемет ескерткіш орнатуға болады деп есептейміз»,  дейді Баянауыл ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуғали Мусин. 

Өңір басшысы Қанат Кәрімов аталған қаражаттың барлығы бюджет есебінен еместігін алға тартады. 1 млрд 51 миллион теңгенің 560 миллион теңгесі демеушілердің есебінен дейді.

«Жобаның жалпы құны 934 млн теңге. Саябаққа тек қана ескерткіш орнатылмайды,  600-ден астам ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. 2,5 мың шаршы метр гүлзарлар, жаяу жүргіншілер жолағы, сондай-ақ 100-ден астам жарықтандыру орындары, балаларға арналған ойын алаңшалары жасалады», дейді Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов.