Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Елордада Мемлекеттік рәміздер күні қандай іс-шаралар өтеді

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні өтетін іс-шаралар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордада Мемлекеттік рәміздер күні қандай іс-шаралар өтеді

Сонымен 4 маусым күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде 

«Ұлттық рәміздер — елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты дөңгелек үстел өтеді. Ал Facebook: @atamekenmap.kz Instagram: @atamekenmap парақшаларында Мемлекеттік рәміздер жайлы ақпараттық жазба жарияланады.

«АЛЖИР» мемориалды кешені әлеуметтік желілерде «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» көрмесін, сол сияқты «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны» дәрісін өткізеді. Facebook: Музей АЛЖИР,  Instagram: museumalzhir, Youtube: Museum ALZHIR Astana.

Сонымен қатар мына парақшаларда «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» онлайн сабағы өтеді: Facebook:Ескерткіштер дирекциясы; Instagram: monuments_of_nursultan; Youtube: ments of Nur-Sultan city.

Ал «Тәуелсіз елдің ертеңі – талантты жастар» атты политехникалық колледж студенттерінің қолданбалы өнер көрмесі, сол сияқты «Мемлекеттік рәміздер  – Тәуелсіздік символы» атты бейнебаян онлайн режимде мына парақшалардан көрсетіледі:

Facebook: «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы

Instagram: triumphal_arch_nur_sultan

Өз кезегінде Сәкен Сейфуллин мұражайы Facebook, Instagram парақшаларында «Мемлекеттің басты нышаны – Рәміздер» атты фото көрмесін өткізеді.