Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда зауыт-фабрикалар салынады

1538 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда инвестициялар мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде зауыттар мен фабрикалар салу жөніндегі бірқатар жоба қолдау тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда зауыт-фабрикалар салынады

«Елорда қарқынды дамып келеді. Қалада құрылыс материалдарына сұраныс жоғары. Инвестициялар мәселелері жөніндегі кезекті өңірлік үйлестіру кеңесінде алты зауыт пен фабрика құрылысы мақұлданды. Мысалы, кірпіш зауытын салу, темір-бетон бұйымдарын, кеспе тастар мен жиек тастарды, санфаянс пен керамиканы өндіру жобалары қаралып, қолдау тапты.

Бүгін кірпіш зауытының құрылыс орнына бардық. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 млн дана қыш кірпішті құрайды. Жобаны іске асыру шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зауыт толығымен автоматтандырылған болады. Газбен біркелкі күйдіру есебінен қатардағы және қапталған керамикалық кірпіш шығару көзделген.

Тағы бір жоба - жұмсақ және корпустық жиһаз, сондай-ақ есіктер шығару жобасы. Жаңа жиһаз фабрикасы жылына 24 мыңға жуық жұмсақ және шкаф жиһаздарын шығарады, ал есік шығаратын зауыт айына 2000-ға дейін ішкі есіктер жиынтығын шығарады. Инвесторлардың осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар.

Қолдау тапқан жобаларды жүзеге асыру 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және ел экономикасына 50 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді.

Өткен жылы қалада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Мысалы, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін көтереміз. Тиісінше, ілеспе өндірістерді – «қарапайым заттар экономикасын» дамыту қажет. Отандық өндірушілерді, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдау маңызды. Құрылыс индустриясының өндірісін кеңейту қажет. Әрбір жеке жоба - бұл жеке инвестицияларды тарту ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құру.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвесторларға қолайлы жағдай жасаймыз. Қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру барысын әрбір инвестормен жеке пысықтаймыз», деп жазды елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар