Қазақстан • 04 Маусым, 2021

Қазақстанда пәтер бағасы арзандай бастады

319 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамырда тұрғын үй нарығында бағаның өсу қарқыны баяулады. Егер ақпанда оң динамика 3,5 пайызға, наурызда - 2,9 пайызға, сәуірде - 1,2 пайызға жетсе, мамырда 0,5 пайызбен шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда пәтер бағасы арзандай бастады

Зейнетақы жинағынан қаражат алу үрдісі басталғаннан бері алғаш рет қалалардың бірінде теріс динамика байқалды. Ақтауда ұсыныстар бағасы 2,5 пайызға төмендеп, шаршы метрі 241 725 теңге болған.

Мамырда 17 қалаға талдау жүргізіліп, 16-сында өсім байқалды.

Тараз, Қызылорда (1,3 пайызға) және Семей (1,2 пайызға) көш бастап тұр. Ұсыныстар бағасы - шаршы метр үшін 229 025, 171 550 және 259 575 теңге.

Нұр-Сұлтанда индекс бір пайызға, 375 850 теңгеге дейін өсті.

Бірқатар өңірде динамика бір пайызға жеткен жоқ:

Петропавл - 0,9 пайыз - бір шаршы метр үшін 329 650 теңге,
Шымкент - 0,8 пайыз - бір шаршы метр үшін 327 375 теңге,
Өскемен - 0,8 пайыз - бір шаршы метр үшін 323 575 теңге,
Алматы - 0,5 пайыз - бір шаршы метр үшін 495 475 теңге,
Қарағанды - 0,5 пайыз - бір шаршы метр үшін 313 025 теңге,
Ақтөбе - 0,5 пайыз - бір шаршы метр үшін 199 775 теңге,
Атырау - 0,4 пайыз - бір шаршы метр үшін 317 225 теңге,
Қостанай - 0,4 пайыз - бір шаршы метр үшін 270 200 теңге,
Орал - 0,4 пайыз - бір шаршы метр үшін 259 050 теңге.