Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Теңіз кенішінде түйіршіктелген күкірт шығаратын зауыт іске қосылды

1052 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде түйіршіктелген күкірт шығаратын зауыт жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз кенішінде түйіршіктелген күкірт шығаратын зауыт іске қосылды

Жаңа зауытты қазақстандық  «Caspian Group Construction» ЖШС екі жылға жетпейтін мерзімде жабдықтарды орнатып, іске қосты. Зауытта жергілікті 60-тан аса адамға жұмыс орны табылдыАйына 40 мың тонна түйіршіктелген күкірт өндіріледі.

«Теңіз кенішінің түйіршіктелген күкірті Африка, Еуропа, Қытай және басқа елдердің нарығына экспортталады. Күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндігін дамыту көзделіп отыр. Сондықтан күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жоба жүзеге асырылды», дейді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Оның айтуынша, жергілікті компанияларды дамыту компанияның негізгі стратегияларының бірі. Бұл жоба экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады.  

«Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталды. Түйіршіктелген күкірт шығару үшін әлемдегі ең озық технологиялар қолданылып отыр», дейді зауыт менеджері Ғалиасқар Итишев.