Әлем • 04 Маусым, 2021

Биыл әлемде жұмыссыздар саны артады

2197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл әлемде жұмыссыздар саны артып, 220 миллионға жетпек. Халықаралық еңбек ұйымы зерттеулерден кейін осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл әлемде жұмыссыздар саны артады

Бұл коронавирус індеті шыққанға дейінгі көрсеткіштен біршама жоғары. 2019 жылы дүниежүзінде жұмыссыздық 187 миллион адамды құраған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, пандемиядан әйелдер мен жастар және көлеңкелі бизнесте жұмыс істеген 2 млрд адам зардап шеккен.

Сондай-ақ өте кедей жұмысшылар қатары да артқан. Сондықтан халықтың осал топтарын әлеуметтік тұрғыдан қалпына келтіруге бағытталған стратегиясыз кедейшілікпен күрес еш нәтиже бермеуі мүмкін.