Аймақтар • 05 Маусым, 2021

Қарағандыда қаржы пирамидасы әшкере болды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған. «Лидер Капитал 168» атты ұйым  «өсіммен қайтарамыз» деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда қаржы пирамидасы әшкере болды

Алаяқ фирманының әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкереледі. Ұйымдастырушы әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, бизнесін жеке пәтерде жүргізген. Айғақ заттар дәл осы үйден тәркіленді. Қаржы пирамидасының шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.

«Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  «Лидер Капитал 168» атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымнан зардап шеккен азаматтардан тез арада хабарласуын сұраймыз. Аталған дерек бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі, яғни қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Қарағанды облысы бойынша ЭТД 2-тергеу басқармасының аға тергеушісі Дана Байдүйсенова.