Оқиға • 05 Маусым, 2021

Қостанайда қорада тұрған мал тірідей өртеніп кетті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында бір үйдің үйдің ауласындағы қора өртеніп, іштегі мал тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда қорада тұрған мал тірідей өртеніп кетті

4 маусым күні сағат 14:09-да Қостанай облыстық ТЖД нөміріне Цветоная көшесінде 150 шаршы метр аумақта қора өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:57-де келіп, жалынды сөндіруге кірісті.

«Өрттің жақын тұрған жекеменшік үйдің барлық аумағына, сондай-ақ көрші үйге таралып кетуі мүмкін еді. Жалынмен күресте өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қорадан басқа, оның ішінде тұрған мал – бір жылқы мен 12 қой өртеніп кетті. Сондай-ақ, өрт кезінде сонда жүрген жалдамалы жұмысшы зардап шекті. Беті мен қолы күйген ол ауруханаға барудан бас тартты», деп хабарлады ТЖД-дан.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қора өртенгенде иелері үйде болып, ол туралы білмеген. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:19-да толық сөндірді.