Оқиға • 05 Маусым, 2021

Адам саудасы бойынша айыпталған әйел Бахрейннен экстрадицияланды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам саудасы бойынша айыпталған әйел Бахрейннен экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдікке ілінген.

«Қылмыс жасағаннан кейін З. Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген, сол себепті, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды», делінген ведомство хабарламасында.