Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен А.Иманов көшесінде жол жөндеу жұмысын бастады.
Жөндеу жұмысына байланысты биыл 5-12 маусым аралығында Амангелді Иманов көшесінің А.Янушкевич көшесінен А. Жұбанов көшесіне дейінгі учаскесі автокөлік үшін ішінара жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген басқарма хабарламасында.