Қазірге дейін арзан панельдер 200-ден астам ғимарат пен бірнеше мектептің төбесіне қойылған.
Жақында күннен қуат алатын тақтайшалар тағы 40-қа жуық үйге орнатылған. Шараны ұйымдастырушылар кедей аудандардың тұрғындарын арзан электр энергиясымен қатар, жұмыспен де қамтуды қолға алған. Қазірге дейін күн панельдерін құратын 50-ге жуық адам инженерлік білім алып шықты.