Елорда • 06 Маусым, 2021

Елордада сауда орталығында вакцина алғандар жүлде ұтып алды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Asia Park сауда-ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде екпе алғандарды қолдау үшін кәсіпкерлер түрлі сыйлықтар ойнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада сауда орталығында вакцина алғандар жүлде ұтып алды

Вакцина алған азаматтар бірден ұтыс ойынына қатыса алды.

Жүлде арасында - тұрмыстық техника, электроника, СОО жалға алушыларының сыйлықтары бар. Елорда тұрғындары кәсіпкерлердің осындай бастамасын жоғары бағалап, бағалы сыйлықтар үшін алғысын білдірді.

«11 мамырда вакцинаның алғашқы компонентін алдым. Маса шағып алғандай ғана болды. Жыл сайын күзде тұмауға қарсы екпе алатыным да бар. Бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Ауырсыну болған жоқ, қысымым қалыпты. Мен тіпті ұтыс ойынында тоқ шәйнек секілді сыйлық аламын деп күткен жоқпын. Өте қуаныштымын! Таныстарымның бәрін вакцина қабылдауға шақырамын, өйткені бәрімізге ұжымдық иммунитет қажет», деді 69 жастағы зейнеткер Лариса Васильевна.

Вакцинация пункттері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау жүргізіп жатыр.