Мұнайлы шаһардағы «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында Жайық өзенінің жағалауында өсіп тұрған қамыс пен қарағаш бұталары отқа оранды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер отпен арпалысты.
Арнайы қызмет өкілдері жалынның тұрғын үйлерге тарауына жол бермеді.
Әзірге жалынның неден тұтанғаны белгісіз. тергеу жүргізілуде, деп мәлімдеді ТЖ өкілдері.