Елорда • 06 Маусым, 2021

Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында балалар мен жастарға арналған дамыту орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды

«Бүгін Тәуелсізлік сарайын дамытудың жаңа тұжырымдамасын таныстырудамыз. Пандемия кезінде көптеген кәсіпорындар мен мәдениет нысандары өзінің тиімсіз екендігін көрсетті.

Тәуелсіздік сарайының бұрынғы тұжырымдамасы ауқымды халықаралық және көпшілікке арналған мәдени іс-шаралардан тұрды. Дегенмен карантин талаптарына байланысты аталған тұжырымда өз маңыздылығын жоғалтты. Осы орайда бюджет қаржысынан күнелтіп отырған аумағы 38 мың шаршы метр болатын бұл нысанның қызметін қайта қарау керек болды. Бүгін коммуналдық меншікті қалай тиімді басқару керектігін көрсететін боламыз.

Біз бюджет шығынын азайтып, нысанның коммерциялық мүмкіндігін арттырдық. Сонымен қатар Тәуелсіздік сарайының әлеуметтік-мәдени маңыздылығын да естен шығармаймыз», деді Astana Venue Management ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов.

Тәуелсіздік сарайының жаңа тұжырымдамасына сәйкес балалар мен жастардың шығармашылық және спорт әлеуетін арттыру мақсатында мұнда үйірмелер мен түрлі секциялар ашылды. Үйірмелерге күнделікті 2 мыңға жуық бала қатысады.