Аймақтар • 07 Маусым, 2021

Алматыда картиндік шектеулерді бұзған нысандар жауапқа тартылды

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 4-7 маусым аралығында белгіленген шектеулерді бұзған 36 жағдай анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда картиндік шектеулерді бұзған нысандар жауапқа тартылды

Демалыс күндері мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Айта кетсек, Алматыда 4 маусымнан 5 маусымға қараған түні белгіленген шектеуді бұзған 19 жағдай анықталды.

Тәртіп бұзғандар тізімінде:

Әуезов ауданындағы «Достар сарайы» мейрамханасы 150 адамға арналған үйлену тойын өткізген. Сол уақытта Бостандық ауданына қарасты Han Sarai мейрамханасында да той өткен. Медеу ауданында The Monkey кафесінде 150-ге жуық адам болса, «Небо» барында да 120-ға жуық адам жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.

5 маусымнан 6 маусымға қараған түні тексерушілердің мобильдік тобы белгіленген шектеуге бағынбаған 14 жағдайды анықтады.

Наурызбай ауданындағы «Ильхам» мейрамханасында 150 адамға есептелген салтанатты іс-шара өткен.

Бостандық ауданының тексерушілері Hide Park ойын-сауық паркінің фудкортында 150-ге жуық адамның жиналғанын анықтады.

Медеу ауданында ішінде 150-ге жуық адам болған «Атмосфера» мейрамханасын анықтады. Тағы бір заң бұзушылық 200 адам жиналған «Лейд Найд Шоу» анықтады.

6 маусымнан 7 маусымға қараған түні мегаполисте 3 заң бұзушылық тіркелді.

«Дос» компьютерлік клубында 40-қа жуық адам болса, Медеу ауданындағы «Пинта» барында да 100-ге жуық адам жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.

Осы жылдың 20 наурызы мен 7 маусым аралығында барлық белгіленген шектеулерді бұзған 1088 жағдай анықталды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға, жұқтыру қаупін азайту мақсатында салтанатты іс-шараларға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Атқарылған іс аз емес

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Экспортта рекордтық өсім бар

Алматы • Бүгін, 08:30

Ең жомарт жазушылар

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Өлең алысқа шақырады

Әдебиет • Бүгін, 08:20