Қазақстан • 07 Маусым, 2021

ҰБТ: 563 оқушыны аудиториядан шығарып жіберді

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда 123 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

ҰБТ: 563 оқушыны аудиториядан шығарып жіберді

224 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді тек өз күштеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Сондай-ақ әрбір тестіленушінің қимыл-қозғалысы ахуалдық орталықта «бір тестіленуші – бір камера» қағидаты бойынша бақыланатынын ескертеді.

Тестілеуге кіргізу кезінде тоғыз түлектің дене қызуы көтерілген. Бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.