Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 7 маусымда сағат 9:32-де Атырау қаласындағы Огородная көшесінен шақырту түскен.
«Құтқарушылар оқиға орнына 9 минутта жетіп, 2004 туған жігіттің екі қабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен секірмек болғанын анықтады. Бозбала қараусыз қалған нысандар санатындағы тұрғын үйдің шатырына масаң күйде шыққан. Жедел құтқарушылар жасағының қызметкерлері бозбаланы сағат 10:06-да жерге түсіріп, полицейлерге тапсырды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Құтқару жұмысына 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.