Резеңке қайық ағынмен дамбаға қарай жылдам ағып келе жатқан. Күзетшілердің айғайына еш жауап болмаған. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін күзетшілер диспетчерге хабарласып, шандораны дереу көтеруді талап еткен. Бұл дамбаны бөтен заттардың түсіп кетуінен сақтайтын металл арқалықтардан тұратын құрылғы. Дер кезінде көтерілген ол иірімге түсіп кете жаздаған қайықты ұстап қалады. Сөйтіп, балықшыны құтқару операциясы сәтті аяқталды.
«Түнгі ауысымнан шыққан соң, ұйықтамастан кешке қарай балық аулауға барып едім, көзім ілініп кетіпті. Күзетшілер мені дер кезінде байқағанына рақмет. Бұл күн менің екінші туған күнім болды», дейді тәуекелшіл балықшы.