Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Алматыда екі троллейбус соқтығысты

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Достық даңғылында, Қарасай батыр көшесімен қиылысатын жерде 11-ші және 25-ші маршруттың екі троллейбусы соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке  сілтеме жасап.

Алматыда екі троллейбус соқтығысты

zakon.kz

11-ші троллейбус жолаушыларды түсіру үшін аялдамада тоқтап тұрған. Адамдар түсіп, енді қозғала бергенде 25-ші троллейбус оны арттан келіп соққан.

Соққының салдарынан 25-ші троллейбустың әйел-жүргізушісі жарақат алды. 

Оқиға орнына келген жедел жәрдем жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті.