Коронавирус • 09 Маусым, 2021

«Қызыл» аймақта бір ғана өңір қалды

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақта бір ғана өңір қалды

9 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір тұр – Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.