Қаржы • 09 Маусым, 2021

Әлемдік салық жүйесін реформалау туралы келісім жасалды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

G7 елдері ұзақ жылға созылған талқылаулардан кейін трансұлттық компаниялардың пайдасына салынатын цифрлық салықты енгізу туралы келісімге келді. Бұл туралы Egemen.kz DW.de телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасай отырып жазады.  

Әлемдік салық жүйесін реформалау туралы келісім жасалды

Ұлыбританияның қаржы министрі Риши Сунак атап өткендей, үлкен жетілікке мүше елдердің Қаржы министрлері жаһандық цифрлық дәуірге сәйкес әлемдік салық жүйесін реформалау туралы тарихи келісімге қол жеткізді.

Мақсат –  Apple, Google, Amazon немесе Facebook сияқты ірі IT корпорациялары салықты тіркелген жерінде ғана төлейтін жағдайды тоқтату. Бұл көптеген компаниялардың штаб-пәтерін салықтары төмен елдерде тіркеуге әкелді.

Сонымен қатар ірі корпорациялар үшін біржолғы табыс салығының ставкасы кем дегенде 15% болуы керек деп болжануда.

Германия Федеративті Республикасы Қаржы министрлігінің басшысы Олаф Шольц бұл салық әділдігі мен ынтымақтастығы үшін өте жақсы жаңалық деген баға берді. Сонымен бірге Олаф Шольц алдағы уақытта корпорациялар енді салық міндеттемелерінен жалтара алмайтындығына сенеді.