Аймақтар • 09 Маусым, 2021

«Ashyq» жобасы арқылы 1000-нан астам нысан қайта ашылды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің тізімі күн сайын артып келеді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда бұл жоба бойынша 1049 бизнес субъектісі жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Ashyq» жобасы арқылы 1000-нан астам нысан қайта ашылды

Жоба аясында 62 фитнес-клуб, 27 спа-орталық, 17 бассейн, 3 боулинг-клуб, 42 компьютер клубы, 33 сауна, 760 қоғамдық тамақтану ұйымы, 11 кинотеатр, 7 театр, 5 концерттік ұйым, 9 бильярд клубы, 3 көрме орталығы, 19 лотоклуб, жобаның 43 ерікті қатысушысы, 4 қонақ үй және 5 балалар ойын-сауық орталығы жұмыс істейді.

Хабарламада айтылғандай, тағы 40-қа жуық қоғамдық тамақтандыру нысаны жобаға қосылуға ниет білдірген.

«Ashyq» пилоттық жобасы бірінші кезекте келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қарамастан бизнестің, кәсіпкерлік нысандарының шектеусіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.