Қазақстан • 09 Маусым, 2021

Қазақстанда мал басы мен құс саны өсіп келеді

2254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мал басы мен құс саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мал басы мен құс саны өсіп келеді

Сала басшысының айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара саны 7,8 млн басқа жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,6%-ға артық. Қой мен ешкі басы 4,7%-ға, жылқы 10,1%-ға, түйе 5,2%-ға өскен.

Соған сәйкес, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де артқан. Ет 4,3%-ға және сүт өндірісі 3,2%-ға өскен. 

«Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдері импортын алмастыру аясында елімізде 48 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Бұл сүт зауыттарының жүктемесін 77%-ға дейін арттыруға, ал сүт өңдеу көлемін 1,8 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ 3 ет комбинаты іске қосылды. Осының арқасында ет өңдеу көлемін 151-ден 166 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды.

Бұған қосымша 8 құс фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда құс етін өндіру көлемі өткен жылы 222,7-ден 235,3 мың тоннаға дейін ұлғайды», деп хабарлады С.Омаров.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15