«Еуразия» арнасының хабарлауынша, қазір Алакөлге билеттерді тек қолма-қол сатып алуға болады. «Қазақстан темір жолы» АҚ бұл мәселеден хабардар болғанымен, алыпсатарлар мен жеке билет кассаларын бақылай алмайды.
Осылайша туристік маусымдағы қазақстандықтар үшін ең қолжетімсіз жер Алакөл болып тұр. Онда көлікпен жету үшін 300 шақырым жүру керек, ал ШҚО-ға жақын екі әуежай жоспарлы жөндеуге жабылды, соның салдарынан пойызбен ғана қатынау мүмкін болып тұр.