Қазақстан • 10 Маусым, 2021

Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда ескі вокзал аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады

«Ағымдағы жылғы 10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі 7) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр», делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.

«Оқу-жаттығуы әртүрлі күрделі элементтерді ескере отырып, барынша әскери жағдайға жақын өткізіледі. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты тұрғындарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», деді штаб өкілдері.