Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды

Қызылқоға ауданы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, балықтың қырылғаны бүгін, 10 маусымда Сағыз ауылдық округінің аумағындағы Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсында анықталып отыр.

«Балық өлген жердегі су көлемі 100 метр. Ал, өлген балық мөлшері 150 келі. Негізінен балықтың майда шабақтары қырылған. Қазір құзырлы органдар арқылы сынамалар алынды. Өлген балық шабақтары мен судың сынамасы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалына жіберілді. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада белгілі болады», деп хабарлады Қызылқоға ауданының әкімдігінен.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45