Білім • 10 Маусым, 2021

ҰБТ-2021: Аралық қорытынды қалай?

1678 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елімізде 2020-2021 оқу жылында 150 мыңға жуық түлек білім ұясынан ұшты. Ендігі сынақ – ҰБТ.

ҰБТ-2021: Аралық қорытынды қалай?

Биылғы талапкерлердің бағыма, бақыты ма, олардың тестілеуден екі ретөтуге мүмкіндігі бар әрі ҰБТ тапсыратын күні мен уақытын өздері таңдайды. Нәтижесінде, тестіленуші мемлекеттік білімберу грантын тағайындау конкурсына ең жоғары балл жинаған сертификатын ұсына алады. Бұл үміткерлерге грантты жеңіп алуын жеңілдететіні сөзсіз.

Тестілеудің жаңа форматы

Білім және ғылым министр­лі­гі­нің жақында, нақтырақ айтқанд­а, 7 маусымда таратқанақпаратына сүйенсек, түлектердің 130 мыңнанастамы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Олардың96 пайызы, яғни 123 688 талапкер қазірдің өзін­детестілеуден өтіп үлгерген. Оның ішінде басымбөлігі (92 458 түлек) тестілеуді қазақ тілінде,
30 967-сі орыс тілінде, 263-і ағылшын тіліндетапсырды. Биыл мамырдың 23-індегі көрсеткішбойынша да түлектердің көбі (52 512 талапкер) ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған. Ал 19 622 талапкер орыс тілінде, 182-сі ағылшын тіліндетестілеуден өтті.

2021 жылғы ҰБТ-ның басты жаңа­лығыашықтық пен әділдікті қам­тамасыз етумақсатында тесті­леу­дің компьютерлік форматтаөт­кізілуі. Бұл жөнінде Білім және ғылымминистрі Асхат Ай­ма­ғам­бе­тов: «2019 жылыМем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіқатысқан Тамыз кеңе­сін­де Ұлттық бірыңғайтестілеуді сапалы ұйымдастыру туралытапсырма берген болатын. Соған сәйкестестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрібарынша ашық өткізу көзделді. Біз қазір осы мақсатқа жетіп, ҰБТ-ны жаңа форматта өткізіпотырмыз. Ең бас­тысы, қоғамда айтылып жүргенсын-пі­кір­лерді ескеріп, жаңа технологиялардықолдана отырып, үлкен өзгерістер енгіздік», деген еді.

Негізі осы формат талапкер­лер арасындағыбіраз тәртіп бұ­зу­­­­шы­­лықтарды анықтап, оңайжол­­­мен жоғары балл жинау се­кіл­­ді қи­тұрқылықтардың алдын алды. Оған жауаптыведомс­тво­ның 7 маусымдағы дерегінен де көзжеткізуге болатындай. Онда 224 түлектіңтестілеуге кіргізу ке­­зін­де аудиторияға ты­йым са­лын­­­­ған заттарды алып кіруге ты­­­рыс­­­қаны үшінҰБТ тапсыру мүм­­­­кін­ді­гінен айырылғаны жәнетесті­леу ережелерін бұз­ға­­ны үшін ауди­­ториядан563 адам шыға­ры­лып, тестілеу нәти­же­лерініңжо­йыл­ғаны хабар­лан­ған.

Екінші жағынан жаңа фор­мат­та­ғы ҰБТ талапкерлерге тиімді және ыңғайлы. ӨйткеніҰБТ нәти­же­лерін тестілеу аяқ­тал­­­ған­нан кейінбірден білуге бола­ды. Жи­нал­­­ған ұпай саны экран­ға шы­ға­ры­лады. Бұдан бөлек та­лапкер қатежауап берген сұ­рақ­тарды көре ала­ды. ҰБТ қоры­тындыларымен ке­ліс­­пеген жағ­дай­да талапкеркеле­сі күнді күт­пей-ақ бірден апел­ля­ция­ға өті­ніш беруге құқылы.

«ҰБТ электронды форматта өтіп жатыр. Бұл не берді? Бұған дейін балалар қағаз жүзін­де тест кітапшаларын алып, одан кейін тиісті парақтардажауап­тар­­ды бояу арқылы тапсыратын. Тест кіта­п­ша­ларын басып шығара­тын­быз, кітапшаларжеткенге дейін әр­түрлі тәуекелдер де болатын. Екіншіден, 2 мыңға жуық кезекші мұғалім жаздабір өңірден екінші өңірге жі­бе­рілетін, оған үлкенқаражат бөлінетін және мұнда да әр­түр­літәуекелдер болатын. Үшін­­ші­ден, бұлашықтық. Қазір көріп отырсыздар, әр ата-ана бала­сыныңқалай тапсырып жат­қанын онлайн бақылайалады. Әр балада бір компьютер, бір бейнека­ме­ра бар, прок­то­ри­нг жүйесі ар­қы­лы бақы­­лау жүр­гізіліп жатыр. Сондық­тан кө­шіріп алу дегенсияқ­ты ака­де­миялық адалдық қа­ғи­­­да­ла­рынбұзуға ешқандай мүм­­кін­дік жоқ», деді министр.

 

Педагог мамандығына түсу балы жоғары

Биыл педагогикалық маман­дық­­­тарға оқуға түсуталаптары қатаңдатылды. Себе­бі болашақ пе­да­гогтердің шәкірт­ақ­ысы өзге­лер­дікінен ере­кше, 42 мың теңге болып бекі­тіл­ді. Осы­ған орай еңмық­ты та­лап­­керлер мұғалім бо­лу­ды таңдайбастағаны бай­қа­лады. Ми­нистр­лік­тің мәлі­ме­тін­ше, мұ­ға­­лім­ маман­дығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны 2 есеге арт­қан. Сәйкесінше бәсеке­лес­тік жо­ғарылады. Енді педа­го­ги­ка­лық мамандықтарға түсу үшін талап­керлер ҰБТ-дан кемі 75 балл жинауы керек. Со­ған қарамастан түлектер мұ­ға­­лім мамандығын таң­дап жа­тыр. Соның бірі – ҰБТ-дан 137 балл жинаған Қарағанды қала­сындағы №61 жалпыбілім бере­­тін мектептің түлегі Әділ­са­мат Абитаев. Ол мұғалім болуды қалайды.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуәрбір түлектің өміріндегі ма­ңыз­ды қадам. Дегенмен не­гіз­­гі мақ­сат – ҰБТ-ны жақсы тап­сыру ғана емес, өмірдеөз орныңды тауып, та­бысты тұлға болу. Биылғы тес­ті­леу­ге келсек, мүмкіндік көп. ҰБТ аяқталғанға дейін жа­уап­та­рын өзгертіп, ал­дыңғы сұ­рақ­тар­ға оралуға болады. Егер бұрын тестіленушілер жауап па­рақтарын бояуға көпуақыт жұм­саса, қазір олай емес. Және бұған дейін жауап парағын сканермен тексеру кезіндедұрыс толтырылмаған нұсқаларының есептелмей қалуы сияқты жағ­дайлар кездесетін. Элек­т­рон­­­ды формат арқылы біз өз нәти­­желерімізді ҰБТ аяқтала сала білдік. Кейбір таныстарым тес­тілеу аяқталғаннан кейін бір­­­денапелляцияға берді. Бұл олар­­дың уақытынайтарлықтай үнем­деді», деді Ә.Абитаев.

 

Қашықтан оқыту
және тестілеу

Былтырғы карантиндік шектеу­­лер білім беру саласындағы са­па­ға кері әсер еткені анық. Онлайн және қа­шықтан оқу кезін­де біті­ру­шісыныптың оқу­шы­­­лары ҰБТ-ны ұмытқандай болып еді. Ата-аналардың алаң­да­уы бар, мұға­лім­дердің, қо­ғам белсен­ді­ле­рінің ашық пі­кір­лері­нен кейін Білім және ғы­лым минис­трлігі 11 және 12-сы­нып оқушыларын дәстүрлі фор­матта оқыту туралы шешім шығар­ды. Бұл өз кезегіндеталап­кер­лер­­дің тестілеу нәтиже­ле­рін де жақ­сартуға септігін тигізген. Мұны ҰБТ-дан ең жо­ғары 140 бал­ды жинаған Пав­ло­дардағы Білім-инновация лицейінің түлегі Данияр Уәлиев те растап отыр.

«Оқу жылының басында қиын болды. Өйткені панде­мия­ға байланысты бәріміз онлайн оқыдық. Ондай формат дәстүрлі білім беруге жетпейді ғой. Бірақ ұстаздарымыз ба­рын салды. Үшін­ші тоқсаннан бастап лицейге барып оқығанымыз жақ­сы болды. Әуелде, сол оқу жы­лының басында ҰБТ-дан 70 бал­дың жобасында жинапжүрдім. Сәуір айын­да 110 балға жеткіздім. Мамыр айын­да 120-125 балл жинай бастадым. Дәстүрлі форматта оқып жү­ріп тес­тілеуге дайындалуы­мыз нә­ти­же берді. Бірақ тест тап­сыр­ма­лары қиын, сондықтан ешқашан еңжоғары балл жинап көрмедім. Басында сенбедім. Алайда солай болды. Мұнда бір сәттіліктіңболғаны анық», дейді Д.Уәлиев. Иә, бағы мен бабы қатар шапты деген осы шығар.