© Фото : Royal Navy/LPhot Paul Hall
Ядролық қару қолдануға арналған ұшақтың Ресей шекарасына жақын жерде маневр жасауы ресейліктердің шамына тиіп кетсе керек.
«Пентагонның ядролық қаруды алып жүре алатын Baltops B-52H ұшағымен маневр жасауы кезекті арандатушылық. Бұл Еуропадағы шиеленісті күшейтеді», деп жазылған елшіліктің Twitter-дегі парақшасында.
Мұндай әрекеттер 16 маусымда Владимир Путин мен Джо Байденнің Женевадағы кездесуі қарсаңында «атмосфераны бұзады» деп есептейтінін жеткізген. Елшілік АҚШ-ты континенттегі қауіпсіздікке деген көзқарастарын түбегейлі қайта қарауға және Ресей шекаралары маңындағы қауіпті әрекеттерді тоқтатуға шақырды.
НАТО-ның Baltops-2021 жаттығуы Балтық теңізінде 6-18 маусым аралығында 50-ші рет өтіп жатыр. Оған НАТО-ға мүше 16 мемлекет, сондай-ақ Швеция мен Финляндия қатысады.
Жиынға барлығы төрт мың әскери қызметкер, қырық кеме, алпыс ұшақ пен тікұшақ тартылған. Оқу-жаттығулар кезінде суасты, әуе қорғанысы, минаға қарсы операцияларды, сондай-ақ Литва жағалауында десант әскерлерін машықтандыру жоспарланған.
Айта кетейік, Baltops-2021 1972 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.