Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Өскемен – Жаңа-Өскемен теміржол станциялары ашылды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2021 жылғы 11 маусым сағат 00:00-ден бастап «Алматы-2 – Өскемен-1» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына Өскемен - Жаңа-Өскемен станцияларынан жолаушыларды отырғызу/шығаруға теміржол билеттерін сатуға рұқсат етті, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚТЖ» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен – Жаңа-Өскемен теміржол станциялары ашылды

«Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы жедел ақпарат алу үшін жолаушыларға «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және Bilet.railways.kz және әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жазылуға кеңес береміз.

Сондай-ақ жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 105 номері бойынша алуға болады», делінген хабарламада.