Басқарманың бұқаралық спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Өтегенова алғашқы жаттығу алдағы демалыс күндері ашылатын «Demalys promenad» көшесінде басталатынын айтты.
«Тегін сабақтар мен жаттығулар 12 маусым күні ашылатын «Demalys promenad» демалыс көшесінде бастау алады. Сонымен қатар аталған көшеде спортшыларымыз киокушинкай каратэ, муай тай, таэквандо, көркем гимнастика секілді спорт түрлерінен шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында елорда тұрғындарына фитнес, жүгіру, воркаут, зумба, йога, тыныс алу гимнастикасы, скандинавиялық жүріс секілді спорт түрлерінен кәсіби жаттықтырушылармен сабақтар ұйымдастырамыз. Сабақтар қаламыздың барлық саябақтары мен шалғай аудандарды да қамтитын болады», деді спорт басқармасының өкілі.
Сабақтардың кестесін басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (@sport_nursultan) және 55-75-61 байланыс нөмірінен білуге болады.