Елорда • 11 Маусым, 2021

Елордадағы «Тұран» көшесі жартылай жабылады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін


Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Тұран» даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскедегі №27 көшенің құрылысы басталғанын мәлім етті. Аталған жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы «Тұран» көшесі жартылай жабылады

Биыл 14 маусым мен 5 шілде аралығында Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы жартылай жабылатын болады. Аталған учаскеде жол қиылысын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.