Футбол • 12 Маусым, 2021

EURO2020: Италия Түркиядан басым түсті

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жылға шегеріліп, футбол жанкүйерлерін асыға күттірген кәрі құрлықтағы доп додасының алғашқы матчы Италия құрама командасының пайдасына шешілді. «Скуадра Адзурра» 3-0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

EURO2020: Италия Түркиядан басым түсті

Ойындағы алғашқы голды 53-ші минутта Түркия қорғаушысы Мерих Демирел өз қақпасына кіргізіп алды. Содан кейін Апеннин түбегінің өкілдері тағы екі гол салды. 66 минутта Иммобиле қақпашыны қапы қалдырса, 79-шы минутта шабуылшы Инсинье мергендігімен танылды.

 

Есеп 3:0 болғаны әсер етті ме, ойынның соңғы 2 минутында түрік футболшылары 2 сары қағаз да алып үлгерді. Ескерту алғандар: Сеюнджю (88) мен Дервишоглу (90).

Айта кетейік, ойын елорда уақытымен 00:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде басталды.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады. Құрамалар төмендегі топтарға бөлінген:

А тобы: Уэльс, Швейцария, Түркия, Италия;

В тобы: Финляндия, Бельгия, Ресей, Дания;

С тобы: Украина, Австрия, Солтүстік Македония, Нидерланды;

D тобы: Хорватия, Шотландия, Чехия, Англия;

E тобы: Швеция, Польша, Словакия, Испания;

F тобы: Германия, Венгрия; Португалия, Франция;




 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45