Аймақтар • 12 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұр

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұр

«Қызыл» аймақта бұрынғыша Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Ал «сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.