Қазақстан • 12 Маусым, 2021

Мәдениет министрі: Жастар кадрлық резерві – озық көзқарастар мен идеялардың тасымалдаушылары

51 рет көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Министр Тәуелсіздік жылдарында адам ресурстарын дамыту және адами капиталға қосқан үлес Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдығы болғанына тоқталды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталды дамыту – орнықты экономикалық дамудың негізі және инновацияның басты қозғалтқыш күші екенін әрдайым атап өтеді. Жаһандық бәсекелестікке өз адами капиталын ілгерілететін елдер ғана жеңіске жетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі компоненті ретіндегі адами капиталдың рөліне ерекше назар аударады. Президент ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласында адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру мен жетілдіру идеясын белгілегені кездейсоқ емес. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, мемлекет пен Үкімет туралы мұрасы өзінің маңызылығын жоғалтпай, әрбір дәуір үшін өзекті деп сеніммен айтуға болады.

Бүгінгі таңда адами капитал орталық ресурстық парадигма, елдің негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының басым бағыты.

Атап айтқанда, еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарында және Мемлекеттік басқарудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында «адамға бағдарлану» ұғымы айқындалған, ол жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар шеңберінде басты құндылық азамат пен олардың әл-ауқаты екенін білдіреді.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Президенттік Жастар кадрлық резервінің жас басқарушылар пулы құрылды. Сол арқылы неғұрлым талантты және кәсіби даярланған жастар үшін «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктері жасалды.

Жастар кадрлық резерві – бұл ең алдымен озық көзқарастар мен идеялардың тасымалдаушылары, инновациялық дамудың белсенді жақтаушылары. Олардың бәсекелестіктегі негізгі артықшылықтары – бұл заманауи қажеттіліктің әсерінен туындаған білімі мен креативтігі», деді.

Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2021 жылды тұрақты даму үшін Халықаралық креативті экономика жылы деп жариялағанын, осы бағытты дамыту мақсатында елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы басталғанын жеткізді. 

«Креативті индустрияның негізгі бағыттары мәдениет пен өнер саласын қамтитынын ескере отырып, Министрлік тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу бойынша ұйымдастырылған жұмысқа белсенді түрде тартылған.

Жалпы алғанда, креативті индустрия бағыты жоғары әлеуетке ие. Ол ел экономикасын дамытуда ғана емес, Қазақстанды халықаралық аренада ілгерілетуге, дарынды жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанда сапалы креативті өнім жасап жатқан азаматтар саны артып келеді. Қазақстандықтар музыкада, кинорежиссурада, дизайнда, архитектурада, сәнде, қолөнерде, жарнамада, телекоммуникацияда және БАҚ-та өздерінің жетістіктерін көрсетіп келеді.

Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігі «Елдің заманауи мәдени келбетін қалыптастыру» ұлттық жобасының құрамында  «Ел рухы» жеке бағытын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыт шеңберінде мәдениеттің әлеуметтік-идеологиялық миссиясын бекіту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу, сондай-ақ креативті индустрияларды ынталандыру жолымен талантты жастарды дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жобалар іске асырылатын болады.

Адами капиталды дамытудың тағы бір маңызды көрсеткіші халықтың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Рухани және дене тәрбиесін мектеп қабырғасынан қалыптастыру қажет. Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі кешенді шаралардың барлығы «Дені сау ұлт» ұлттық жоспарының жобасында көрініс тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар механизмі енгізілді. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру биыл 1 мамырдан басталды. Бұл шара 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ақысыз негізде шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына баруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кез-келген экономикалық жүйенің тиімді қызметі үшін рухани бай, жан-жақты адами капиталды құра отырып, салауатты бейнеге ғана емес, сонымен қатар шығармашылық дамытуға да ықпал етеді. Алға қойылған міндеттерді іске асыруда Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан таланттарды анықтау мен ұлттың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту бойынша жұмысын жалғастыратын болады», деп айтты министр.

Соңғы жаңалықтар

Туристке де тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 18:06

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Елімізде 5,5 млн адам вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:20

Ұқсас жаңалықтар