Әлем • 13 Маусым, 2021

Ұлыбритания вирус штаммының жаңадан анықталған белгілерін жариялады

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания COVID-19 штаммының жаңадан анықталған белгілерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания вирус штаммының жаңадан анықталған белгілерін жариялады

Ғалымдар вирустың клиникалық өту сипатына өзгерістер енгізді. Егер бұған дейін індет жұқтырған жандар қызуы көтеріліп, үздіксіз жөтеліп, дәм мен иіс сезбей қалғанына шағымданса, қазір науқастардың басы ауырып, мұрыны бітеліп, тамағы қарлығатыны расталды.

Айта кетейік, мұндай симптомдарды көпшілік қарапайым суық тию деп ойлап, осы аурудың протоколына сай ем қабылдап келді. Коронавирустың бұл симптомдары оның жеңіл формасына тән екені анықталған, әрі одан дұрыс ем-шара қабылдау арқылы жазылуға болады.