Аймақтар • 13 Маусым, 2021

Қызылордада қауын-қарбыз тиелген жүк көлігі жанып кетті

843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында бақша өнімдерін тиеген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада қауын-қарбыз тиелген жүк көлігі жанып кетті

Оқиға Жаңақорған ауданы орталығына жақын тұстағы Самара-Шымкент тас жолының бойында болды. Қауын-қарбыз тиеген «Газель» маркалы автокөлік құжаттармен бірге толық жанып кеткен.

Оқиға орнында N14 өрт бөлімінен 4 қызметкер мен 1 автокөлік барды. Сала мамандарының күшімен өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.