Аймақтар • 13 Маусым, 2021

«Теңіз» кенішіндегі «сары» түтін неден шықты?

3674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Əлібек Бекмұхаметовтің ақпаратына сүйенсек, биылғы сәуірде «сары» түтін «Теңіз» кенішіндегі КТЛ-2 нысанында орнатылған «У-500» қондырғысының гидрогенизациялау пешінен шыққаны анықталыпты, деп жазады Egemen.kz.

«Теңіз» кенішіндегі «сары» түтін неден шықты?

«Тексеру кезінде қалдық газды беру клапанының ақаулығынан «С-511» пеші тоқтаған. Сол себептен, ауаға «сары» түтін түріндегі күкірт шығарылған. Департамент басшылығының ұйғарымымен осындай ағаттыққа жол бергені үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты əкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Онда қоршаған ортаға өз бетінше эмиссияларға жол бермеу жөнінде нақты іс-шараларды əзірлеу, сондай-ақ, штаттан тыс жағдайлар кезінде қондырғылар желісінің жұмысын тоқтату мүмкіндігін қарастыру атап көрсетілді» дейді департамент басшысы Ә.Бекмұхаметов.

Оның айтуынша, қазір әкімшілік істі қарау процесі уақытша тоқтатылыпты. Өйткені, компания басшылары тексеру нəтижелері бойынша толтырылған акт пен жолданған нұсқамаға байланысты Экологиялық реттеу жəне бақылау комитетіне шағымданып отыр.

Ал, «Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен жəне жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтыңмәліметінше, ауаға ұзақтығы 7 минутқа созылған күкірт диоксиді мен қарапайым күкірт шығарылған. Осыған орай кен орнындағы қызметкерлер мен мамандардның ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген.