Жұмадан сенбіге қараған түні Италия астанасы – Римде футболдан 16-шы Еуропа чемпионатының шымылдығы түрілді. Кәрі құрлық біріншілігі «ә» дегеннен күтпеген оқиғалармен басталды. Чемпионаттың алғашқы голын Түркия құрамасының футболшысы өз қақпасына соғып алса, Дания-Финляндия арасындағы матчтың бірінші таймында дат футболшысы Кристиан Эриксен есінен танып, стадионға жиналған және ойынды теледидар арқылы тамашалаған миллиондаған жанкүйерді уайымға салып қойды.

Сонымен биылғы Еуропа чемпионаты Түркия және Италия құрамаларының арасындағы ойыннан бастау алды. Жанкүйерлермен қатар футболшылардың өздері де мұндай ірі доданы қатты сағынып қалған болуы керек, біріншіліктің алғашқы кездесуінен-ақ турнир тартысты басталды. Өз тобының көшбасшысы болады деп күтілген екі ұжымның арасындағы ойын тек үш ұпайға ғана емес, тактикалық күреске де толы болды деп айта аламыз.
Кездесудің бірінші таймы 0:0 есебімен тең аяқталып, екінші таймда Италия футболшылары Түркия құрамасының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Италиялықтардың бірінші таймның соңында пенальтиден есепті ашатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда төреші Дэнни Маккели Еуропа чемпионатында биыл тұңғыш рет қолданылып жатқан VAR көмегіне жүгініп, түркиялық футболшы ойын ережесін бұзбаған деп тапты. Екінші таймның 53-минутында Доменико Берардидің алыстан шірене тепкен добы байқаусызда «Ювентус» клубында өнер көрсететін Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демиралға тиіп, доп қақпа торынан табылды. Осылайша Еуропа чемпионатының тарихында турнирдің алғашқы голы автогол ретінде тіркелді. Матч Италияда өтсе де, ресми түрде қонақ команда болып ойнаған Италия кездесу соңына дейін Түркия қақпасына тағы екі гол соғып, бірінші матчта 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Бакуде өткен топтағы екінші кездесуде Уэльс матч соңына қарай таразы басын теңестіріп, жеңілістен аман қалды. Екінші таймның 49-минутында Швейцария құрамасының футболшысы Брель Эмболо есеп ашса, 74-минутта Киффер Мур Уэльстің қарымта голын соғып, құрамасына маңызды бір ұпайды әперді.
В тобындағы Дания мен Финляндия арасындағы кездесуде күтпеген оқиға тіркелді. Ойынның бірінші таймы аяқталар тұста Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен есінен танып қалды. Дәрігерлер келгенше футболшыға әріптестері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ерлік жасады. Кейіннен дәрігерлер футболшыға алаңда 15 минутқа жуық уақыт көмек көрсетіп, жасанды тыныс алу аппаратымен есін жиғызуға тырысты. Бір айта кетерлігі, Эриксенге медициналық көмек көрсетіліп жатқанда Дания футболшылары шеңбер құрып жинала қалып, көрермендерге қайғылы жағдайды көрсетпеуге тырысты. Ойыншылардың бұл іс-әрекетін дүниежүзі жанкүйерлері бас бармақпен бағалауда. Реанимациялық ем жасалып болған соң, Эриксенді жедел жәрдем көлігімен аурухана алып кетті. Кейіннен УЕФА ресми мәлімдеме жасап, футболшы есін жиғанын және өзін жақсы сезініп жатқанын айтты.
Дәл осы жағдайға ұқсас оқиға 2003 жылы Конфедерация кубогында да болған еді. Камерундық футболшы Марк-Вивьен Фоэ Колумбиямен өткен кездесудің 72-минутында есінен танып құлап, сол күйі о дүниеге аттанып кеткен болатын.
Дания мен Финляндия арасындағы матч 1,5 сағатқа кейінге шегеріліп, екі құрама футболшыларының өтінішімен қайта жалғасты. Кездесудің фавориті саналған Дания екінші таймда күтпеген жерде өз қақпасына гол өткізіп алып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ал Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып жатқан Финляндия бірінші матчтында жеңіске жетіп, турнирдің алғашқы сенсациясын жасады.
Осы топтағы екінші ойында Ресей құрамасы Санкт-Петербургте Бельгиядан ойсырай жеңілді – 0:3.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар