Аймақтар • 14 Маусым, 2021

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде шетелдік компаниялардың жалған акцияларын сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында сенімді азаматтардың ақшасын тарту бойынша алаяқтық схеманы анықтаған.

«Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін Unique finance шетелдік компаниясының өкілдері ретінде көрсете отырып, халыққа Pepsi, Nike, Microsoft, Ford және BMW сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына ақша инвестициялауды ұсынған.

Оның орнына салымшыларға салынған соманың 6 пайызы, жаңа серіктестің салым сомасының 5 пайызы мөлшерінде ай сайынғы пайда уәде етілген. Бұл ретте, ең минималды салым 1000 АҚШ доллары.

Бағалы қағаздардың орнына халыққа жалған акциялар беріліп, олардың қаражатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар иеленіп отырған», делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды.

Агенттік мәліметінше, бүгінгі таңда нарықта азаматтарды өз жобаларына ақша салуға шақыратын криптовалюта, шетелдік компаниялардың акциялары, зергерлік бұйымдар, туристік жолдамалар, басқа тауарлар мен қызметтерді сататын компаниялар көбейіп кеткен. Сонымен қатар ақша табудың мұндай тез және оңай тәсілі үлкен қаржылық шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін екені ескертеді.