Аймақтар • 14 Маусым, 2021

Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді

3610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тараған еді. Аталған деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz

Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді

«Жол-көлік оқиғасы 13 маусымда болған. Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің аумағында «Toyota Hilux» (пикап) пен «ПАЗ-4234» автобусы соқтығысқан. Жол апатынан «Toyota Hilux» көлігінде болған 1974 жылы туған азамат дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.