Қоғам • 14 Маусым, 2021

Әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы берілуі мүмкін бе?

2322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов онлайн форматта өткен есептік кездесуінде депутаттардың әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы бастамасына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы берілуі мүмкін бе?

«Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 6 миллионнан аса бала бар. 42 мыңнан деп есептегенде оның қаражаты өте қомақты болады. Министрліктің қазіргі бюджеті 4 триллионға жақын, оның көп бөлігі ана мен балаға жұмсалады. Республикалық бюджет 14 триллион теңге, яғни үштен бірі біздің министрлікте. Оның 96 пайызы жәрдемақы, зейнетақы сияқты төлемдерге жұмсалады. Ал, ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлініп отыр. Сол үшін оның барлығын жіті зерттеп шығу керек», деді Серік Шәпкенов.

Еске салайық, 26 мамырда Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова Қазақстанда 18 жасқа дейінгі әр балаға орташа жалақы мөлшерінде жалпыға бірдей жәрдемақы енгізуді ұсынды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі елдегі жәрдемақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізу қарастырылып жатқанын айтты.