Қоғам • 14 Маусым, 2021

Асанәлі Әшімов пен Асылы Осман Алматы полициясына барды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асанәлі Әшімов пен Асылы Осман Алматыдағы полицияға барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асанәлі Әшімов пен Асылы Осман Алматы полициясына барды

Қазақстан полициясы күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында жас полиция қызметкерлері арасында елдің дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлғалармен кездесу өтті.

Кездесуге актер, театр және кинорежиссер, сценарист, мұғалім, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және екінші дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері Асылы Осман шақырылған.

Қонақтар егемен елдің қалыптасуы туралы, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен табыстар жайлы айтты. Асанәлі Әшімов айтулы кездесудің құрметіне полиция Департаментінің мұражайына авторлық кітап сыйлады.

«Өз кезегімізде қонақтарға полицияның жас қызметкерлерімен кездескені үшін, ішкі істер органдарының жаңа буын қызметкерлерінің рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі дұрыс қадам болып табылатын мазмұнды және қызықты диалог үшін ерекше алғысымызды білдіреміз», деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.