Аймақтар • 14 Маусым, 2021

Атырауда жүк көлігінің астына түскен жігіт мерт болды

1954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жылыой ауданында адам өліміне әкелген еңбек қағидаларын бұзу дерегі тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жүк көлігінің астына түскен жігіт мерт болды

​«Қайғылы оқиға 12 маусымда сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аумағында болған. Үйілген топырақтың жанында 1987 жылы туған жүргізуші «Шахман» маркалы ауыр жүк тасымалдау автокөлігімен 29 жастағы қызметкерді басып кеткен. Қызметкер оқиға орнында қаза тапты», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.