Аймақтар • 15 Маусым, 2021

Тарбағатай қазынасы

522 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үржар өңірін табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады. Бір жағы жазиралы дала болса, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Осы Тарбағатай сілемдерінде жабайы алма ормандары бар. Аталған орман­дардағы жабайы алма ағаштарының жеміс түйінін піскен мерзімде жеуге болады.

Тарбағатай қазынасы

Жалпы Үржар ауданының таулы бөлігінің өсімдіктері мен топырақтары биіктік белдеуге сәйкес тараған. Мұнда таулық күлгін, таулық шалғынды то­пырақ белдемдерінде шал­ғын­ды шөптер, өзен бойларында қайың, терек, жабайы алма, әртүрлі жемістер мен жидектер, тау етектерінде селеулі-бетегелі шөптер, шөлейтті бөлігінде жусан, бұйырғын, көкпек, баялыш, жүзгін, ши, т.б. өседі. Мамыр айында да жататын Тарбағатай биіктеріндегі қар, күн ыси тау етектеріне қарай жылғалап еріп ағады.

Ал тауда жануарлар дүние­сінен Тянь-шянь қоңыр аюы, арқар, марал, қасқыр, түлкі, қоян, елік, борсық, құстардан құр, шіл, қарға, сауысқан, көгершін, өзен бойлары мен көлдерде қаз, үйрек, тырналар мекендейді. Осы байлықты сақтап қалу үшін атсалысатын бірден-бір мекеме – «Тарбағатай» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі. Парк ауданның өркендеуіне үл­кен үлесін қосып, табиғатты қор­ғап, Қызыл кітапқа енген жан-жануарлардың өсіп-өнуіне мол ықпал етуде.

Әр жан өз өңірінің та­биғатын қорғауға міндетті. Табиғат деге­німіз – бізді қор­ша­ған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер қоры. Ал «Тарбағатай» ұлттық мемле­кеттік табиғи паркі осы мақ­саттарын ойдағыдай атқарып, биологиялық және ланд­шаф­тық алуандықты сақ­тап қалу үшін еңбек етуде.

 

Роман БАЙСАЛБАЕВ,

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шебері

 

Шығыс Қазақстан облысы