«Бүгінде «Ashyq» жүйесімен қызметтің барлық саласындағы 10 мыңнан астам нысан қамтылған. 2 млн 100 мың қолданушы тіркелген. Вакцинация паспортын «Ashyq» қосымшасымен ықпалдастыру жүргізіліп жатыр. Маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасын әуежайларда, теміржол вокзалдарда енгізу жоспарланып отыр. Осы ретте айта кетерлігі, «Ashyq» жобасы енгізілген сәттен бері ПТР тестілеудің оң нәтиесімен 4 401 адам және байланыста болған 3 981 тұлға анықталды», деді министр.