Аймақтар • 15 Маусым, 2021

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырған Өзбекстан азаматы ұсталды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбелік полицейлер заңсыз көші-қонды ұйымдастырған шет ел азаматын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырған Өзбекстан азаматы ұсталды

ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы алдын-алу профилактикалық іс шараларының жоспары аясында ағымдағы жылдың маусым айының 7 мен 16 аралығында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Ақтөбе облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының жеті күннің қорытындысы бойынша Қазақстан республикасында болу ережесін бұзған барлығы 619 адам, оның ішінде 360 шетел азаматы және 259 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

17 шетел азаматы соттың қаулысымен әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды, оның ішінде бір Қытай республикасының азаматы.

12 маусымда Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастырған Өзбекстан Республикасының 30 жастағы азаматын ұстады. Шетелдік азамат ағымдағы жылдың наурыз айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Ақтөбе қаласының әкімшілік сотының шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылған, өз жерлесі Өзбекстан Республикасының азаматына ҚР аумағы бойынша қоныс аударуды ұйымдастырған. Бұдан басқа, ҚР-да болу мерзімі өткен ҚХР-дың сегіз азаматы анықталды (2021 жылғы мамырда), материалдар шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.