Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қан тапсыру үшін әскери бөлім аумағында мобильді қан қабылдау бекеті ұйымдастырылыған.
«Қан тапсырмас бұрын әскери донорлар қан тобын анықтау үшін алдын ала тексеруден өтті. Содан соң сауалнама толтырып, дәрігерлер сауалына жауап берді. Әскери қызметшілер тапсырған қан мөлшері 40 литрді құрады», дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы медициналық қызметінің бастығы, подполковник Нағысхан Оразымбетов.
Оның айтуынша, әскерилер бес жылдан бері жылына екі рет қан тапсырады.