Қоғам • 15 Маусым, 2021

Алматыда үнсіз митинг өтеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жануарларды қорғауға бағытталған үнсіз митинг өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үнсіз митинг өтеді

2021 жылы 4 шілдеде сағат 14:00-16:00 аралығында Махатма Ганди саябағында (Жароков - Шевченко - Гагарин - Жамбыл көшелерінде орналасқан) митинг өтеді.

Жиынның мақсаты - жануарларға қатыгездік көрсету мәселесіне қоғам мен мемлекеттің назарын аудару. 

Белсенділер биліктен «Жануарларды қорғау туралы» заңды қабылдауды, атап айтқанда жануарларға деген қатыгез көзқарасты жоюды сұрайды.

«Митинг форматы плакаттар мен баннерлердің көмегімен өз позициясын білдіруді қарастырады. Митинг кезінде ән, ұран айтуға тыйым салынады. Шеру жасап, адамдар сөз сөйлейтін митингіні ұйымдастыру үшін өтінішті заңды құрылған ұйым ғана жаза алады. Яғни, қоғамдық қор болу қажет. Мұндай өтініште қор туралы деректер, ұйымның бюджеті қайдан алынатынын көрсету қажет.

Біз қарапайым жанашыр адамдармыз, бізде қор, қаржыландыру жоқ. Біздің әрекетіміз - өз құлшынысымыз. Митинг ұйымдастыру үшін қорларға жүгінгенбіз. Әзірге бұл идея қолдау таппады», деді ұйымдастырушылар.

Мұндай митингілерді жылына бірнеше рет тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025