Қазақстан • 15 Маусым, 2021

Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

23 рет көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, мәдениет және білім беру салаларына қатысты екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

«Түркия – еліміз үшін саяси, мәдени және экономикалық-инвестициялық тұрғыдан маңызды стратегиялық серіктес мемлекет. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қазақ-түрік байланыстары барлық салада қарқынды дамып келеді. Бүгінде мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы тұрақты қарым-қатынастың арқасында өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар сұхбаттасушылар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында түркітілдес халықтардың интеграциясын дәйекті түрде дамыту мәселелеріне назар аударды.

Одан бөлек, Сенат Спикері бүгінде екі мемлекет арасында парламентаралық ынтымақтастық та белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Мәулен Әшімбаев бұл бағытта Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы маңызды жұмыс атқарып келе жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

«Сәтемір хан» кім?

Руханият • Кеше

«Есіл өзен»

Өнер • Кеше

Тасада қалған тұлға

Тарих • Кеше

Сахна суреткері

Өнер • Кеше

Ұқсас жаңалықтар